Алматының бас құтақарушысы ірі көлемде пара алған

Азамат Ахметов

Оған сот үкімі шықты

rsk.almaty.kz

Коррупцияға қарсы күрес агенттігі Алматы қалалық ТЖД басқармасының басшысы сотталғанын хабарлады. Лауазымды тұлға 13 миллион теңге пара алған көрінеді.

8 желтоқсанда Қостанай қаласының №2 сотымен Алматы қаласы ТЖД басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі А.К.Жаныспаевқа қатысты үкім жарияланған.

«Ол кәсіпкерге қамқорлық көрсетем деп жалпы сомасы 13 млн теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды. Жаныспаев 5 жылға бас бостандығынан айырылып, арнаулы атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.