Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

ІІМ алматылық полицейлердің 14 жастағы қызды зорлағанын растады

Азамат Ахметов
Фото: Ольга Воронько

Екеуі де қазір қамауға алынған

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Мәжілістің кулуарында журналистерге берген сұқбатында алматылық полицейлердің 14 жастағы қызды зорлау фактісін растады. 

Министрдің айтуынша, екі күдікті де қамауға алынған. 

«Өкінішке қарай, мұндай оқиға болды. Бұрынғы қызметкерлер осындай қылмысты жасады. Дереу тәртіптік комиссия құрылып, екі қызметкер де теріс себептермен ішкі істер органдарынан босатылды», - деп айтты Ержан Саденов. 

ІІМ басшысының айтуынша, олар қылмыстық іс аясында қамауға алынды.

Бұған дейін «НЕМолчи.кз» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі екі полиция қызметкерінің 14 жастағы қызды зорлағанын хабарлаған болатын.

Сізге қызықты болады