Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Айтуға тура келді»: Азат Перуашев қайтыс болған Болат Назарбаевтың іс-әрекеті туралы сөз етті

Азамат Ахметов
pa

Депутат бизнесмендердің мұңын жеткізді

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Азат Перуашев кәсіпорындардың құқығын қорғап, депутаттық сауал жолдады.

Айта кетейік, жуырда Жоғарғы сот «Кублей» зауытының ісін қараудан бас тартты, бұл оның толықтай жабылып, жүздеген жұмыс орны мен ұлттық ет брендінің жойылуына алып келуі мүмкін.

«Алайда «Ақ жол» демпартиясы осы және басқа да кәсіпорындардың тағдыры үшін табанды күресін жалғастырады және мұндай істер бойынша Бас прокурордан наразылық енгізуді талап етеді. Дегенмен, біздің шенеуніктер табысты бизнесті жоюдың немесе басып алудың жаңа әдістерін ойлап табуда. Мысалы, бізге 2019 жылы Түркістан облысындағы «Алтын-Бұлақ» шипажайын қарамағындағы гольф клубымен бірге өзге компаниядан сатып алған «СТС» ЖШС жүгінді. Бұрынғы иесі бұл нысандарды 2017 жылы Қаржы министрлігінің ашық аукционында сатып алған. Жаңа қожайындар шипажайды қайта жөндеуден өткізіп, оған 4,5 миллиард теңгеден астам қаржы құйғанымен, былтыр күтпеген жерден аудандық жер қатынастары бөлімі Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2003 жылғы (яғни, 20 жылдан кейін) санаторий, гольф клубы және іргелес резиденцияны салуға жер телімдерін бөлу туралы қаулысын жарамсыз деп тану жөнінде талап арызбен сотқа жүгінген.

Авторлардың хабарлауынша, шипажайдың жанындағы резиденцияны сатып алып, аудандық бөлім сотқа шағым түсіргеннен кейін оны басқа ЖШС-ға өткізіп жіберген – Болат Назарбаев»,- деді Перуашев. 

Депутаттың сөзінше, қайтыс болған адамның артынан сөз айтпау керек деген ырым бар болғанымен, Болат Назарбаевтың артынан істеген теріс істерін мәселе етіп көтеруге мәжбүр болып отыр екен.

«2023 жылы соттар ЖҚРБ талап арызын қанағаттандырып, іс жүзінде бизнестің жеке мүлкін тәркілеп, талап қою мерзімін де, «СТС» ЖШС түріндегі адал сатып алушының заңды құқықтары мен заң алдындағы теңдік қағидаттарын да елеусіз қалдырған.

Алайда, бір нысанға (Болат Назарбаев 2022 жылы басқа ЖШС-ға шұғыл аударып жіберген резиденция) қатысты сот істі тоқтатып, бітімгерлік келісімді бекіткен. Бұл ретте сот заң бұзылмаған деп санаса керек. Алайда, жер телімдерінің барлығы (санаторий, гольф-клуб пен резиденция үшін) біріңғай тәртіппен бөлініп, құрылыстар салынған.

Талаптардың осылайша бөлшектеніп, бір нысанның бірыңғай талаптан оқшаулануы соттың бейтараптығына, жер комитеті қызметкерлерінің шынайы мақсатына негізді күмән туғызады», - деді ол.

Сізге қызықты болады