Түркістан облысында оқушы қызды өлтіріп, суға ағызып жіберген екі бозбала сотталды

Азамат Ахметов

Олардың бірі небәрі 1 жыл 4 айға ғана сотталған

Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқаби құрамымен қос күдіктіге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Kazinform.

Оқиға биылғы жылдың басында Ордабасы ауданындағы Төрткүл ауылында болған. 9-сынып оқушысын бір ауылда тұратын жерлестері бопсалап, ақша сұраған.

Атап айтқанда, «1 миллион теңге бермесең, жалаңаш фотоңды желіге жариялаймыз» деп қорқытқан. Ал, кейіннен қызды пышақтап, денесін суға ағызып жіберген.

Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқаби құрамымен қос күдіктіге қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот үкімімен негізгі сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 10, 14-тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды. Сондай-ақ ол жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болды. Ал, сыбайласы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабымен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 4 ай бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. 

Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Марқұмның ата-анасы болса екінші жігіттің қысқа уақытқа сотталғанына наразы. Ол бұрынғы әкімнің ұлы көрінеді. Сыбайластықтың арқасында жеңіл жаза алды деп наразылығын білдірді қайтс болған қыздың анасы.