Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Екі сәби шетінеді»: елімізде қызылша жұқтырған ондаған бала ауыр халде жатыр

Азамат Ахметов
Sputnik

Ауру жұқтырған сәбилердің көбі өңірлерде

Вице-министр-Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Сенаттың жалпы отырысының кулуарында елдегі қызылшаның ахуалы жайлы айтты.

«Қызылшаға қатысты көп ата-ана баласына вакцина салғанша, ауырып шықсын деп ойлайды. Қызылшаның өзінен емес, оның асқынуынан қорқу керек. Себебі қызылшамен ауырған балада 5-7 жылдан кейін панэнцефалит пайда болуы мүмкін. Яғни, жалпақ тілмен айтқанда ми жойылып кетеді. Қызылша 5 жасқа дейінгі балаларға өте қауіпті. Қызылшамен ауырып шыққан бала кем дегенде 2 жыл ішінде инфекция ауруларын жұқтыруға бейім болады. Бүгінде елімізде екі өлім дерегі тіркелді»,- деді ол.

Есмағамбетова атағандай, олар Астана мен ШҚО-да тіркелген.

«Олар - бір жасқа толмаған сәбилер. Яғни вакцинация жасына жетпеді. Бір бала шала туған, өз потологиясы болған, оның үстіне қызылша қосылған. Вакцинациямен қамту кезінде біз 95 пайыз қамтылды десек, соның 5 пайызында осындай санат болуы мүмкін. Ұжымдық иммунитет вакцинацияға жатпайтын балаларды сақтау үшін керек»,- деді Есмағамбетова.

Ол 15 баланың жағдайы ауыр екенін айтты.

«Олардың барлығы өңірлерде. Денсаулық сақтау министрлігі әрбіреуінің жағдайын бақылауда ұстап отыр»,- деді Есмағамбетова.

Теги:
Сізге қызықты болады