Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Павлодар облысында мыңға жуық студенттің шәкіртақысы азайтып төлеген

Азамат Ахметов
Kaz.nur.kz

Яғни, шәкіртақының өскенін медколледж басшылары ескермепті

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша облыс әкімдігімен пайда болған берешекті өтеу үшін 40 млн теңге өндірілді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.  

Облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, студенттердің құқықтары бұзылған.  

«Оқушылардың құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде медициналық колледж студенттеріне шәкіртақыны дұрыс  есептемеу фактісі анықталды, яғни шәкіртақының өскені ескерілмеген», – дейді прокуратурада.

Нақтырақ айтсақ, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап төлемдер мөлшерін арттыру бойынша заңнамалық түзетулер қабылданған. Оған сәйкес шәкіртақы 20 948-ден 31 422-ге дейін – 10,5 мың теңгеге өскен.  

Дегенмен, биылғы оқу жылының басынан бері 965 студент ескі мөлшерлеме бойынша шәкіртақы алуды жалғастырған.  

Қазіргі уақытта студенттерге тиесілі барлық сомалар төленіп, кінәлі адамдар жазаланды.

Сізге қызықты болады