Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ақтауда спортшы қыздың өліміне қатысты істі созбалақтаған полицейлер жазаланбайтын болды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Жауыздықпен өлтірілген қыздың ісін аталған полицейлер суицид деп көрсеткен

Ақтауда спортшы Валерия Шальнованың өлімін тергеген полицейлерге қатысты қозғалған іс жабылды.

Lada.kz жазуынша, Валерия Шалнованың өліміне қатысты тергеу жүргізген екі полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Оларға қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған болатын. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оларға қатысты тергеу қылмыс белгілерінің болмауына байланысты тоқтатылған. 

Қазір спортшыны өлтірді, тонады және жыныстық зорлық жасады делінген күдіктінің іс материалдары облыстық мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. 

Полиция өкілдері күдіктінің құқық қорғау органдарымен туыстық байланысы туралы ақпаратқа қатысты да пікір білдірді. 

«Күдіктінің туған ағасының әйелі 2022 жылдың 27 қазанынан бастап декреттік демалыста отыр. Қалалық полицияның жедел басқару орталығы бастығының күдіктімен отбасылық және басқа да байланыстары жоқ», - деп түсіндірді департаменттегілер. 

Естеріңізге сала кетейік, 2 шілдеде таңертең «МАЭК» ЖШС-нің су каналынан 21 жастағы спортшының денесі табылған болатын. Оны балықшылар тауып алған. Алғашында полицейлер қыздың өліміне қатысты өз-өзіне қол жұмсау (ҚР ҚК 105-бабы) деп іс қозғағанымен, артынша қоғам наразылығынан соң және адвокаттар араласуынан кейін қылмыстық іс ҚР ҚК 119-бабымен «Қауіпті жағдайда қалдыру» бойынша тергеле бастады. Кейіннен ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша қайта сараланды (ҚР ҚК 99-бабы). Сосын Валерия Шальнова ісін алғаш тергеген полицейлерге қатысты іс қозғалғаны мәлім болған еді.

Сізге қызықты болады