Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

ШҚО-да адам өлтірді деп айыпталған тұрғынның өзі өлі табылды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Адам өлтірді деген күдікке ілінген Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны аймақтағы орманның бірінен дарға асылған күйінде табылды, деп хабарлайды Noks. 

Өткен жылдың күзінде Риддердегі көпқабатты үйдің бірінен 33 жастағы әйелдің денесі табылған болатын. Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған. Бұл оқиғадан кейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде оған қатысы бар болуы мүмкін ШҚО азаматы туралы ақпарат тарады. Бейресми деректер бойынша, күдікті марқұм әйелмен бірге тұрған. Ал, сұмдық оқиғаға дейін олардың бірге тұрған пәтері сатылғаны анықталды.  

Көп ұзамай 1974 жылы туған күдіктіні іздеу туралы ақпарат qamqor.gov.kz сайтында жарияланып, артынша ол ұсталды.  

«Бұрын іздеуде деп жарияланған күдіктінің мәйіті 19 желтоқсанда Риддердің төртінші ауданындағы орман алқабынан табылды», - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз орталығы. 

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сізге қызықты болады