Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің қызметкерлері 43,8 млн теңгені жымқырған

Азамат Ахметов
UNIVERO

Сондай-ақ, алаяқтық фактілері де анықталып отыр

Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тексеру қорытындысы бойынша жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады. 

«Келтірілген шығын 43,8 млн теңгені құрайды, тергеуді Алматы қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізуде», - деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.  

Тағы бір жағдайда университетке тиесілі 7,9 миллион теңгеге коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері анықталды. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Медеу ауданының полиция бөліміне тапсырылды.

Сізге қызықты болады