Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ажар Ғиният қайтыс болғаннан кейін органдарын донор ретінде мұқтаждарға береді

Азамат Ахметов
Википедия

Елімізде кез келген адам электрондық үкімет арқылы донор болуға өз өтінімін білдіре алады

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қайтыс болғаннан кейін ағза доноры болуға келісімін беретінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында айтты.

Министр осылайша өзге қазақстандықтарды да ағза доноры болудан қорықпауға шақырып отыр.

«Мәйіт донорлығы – көптеген елдің проблемасы. Мұнда тек медициналық емес, моральдық-этикалық мәселелер бар. Адам қайтыс болғаннан кейін органдарын тірі адамдарға қалдыруға дайын болуы керек. Кез келген азамат электрондық үкімет арқылы өз еркін білдіре алатын электрондық тіркелім бар. Бүгінде 40 мың қазақстандық өз ұстанымын білдірген, оның 15%-ы келісті. Біз бұл бойынша үлкен ақпараттық жұмыс жүргіземіз. Желтоқсан айында үлкен трансплантациялар болды: екі донор 9 адамның өмірін сақтап қалды. Біз бұл одан әрі мәселені талқылаймыз және заң жобасын әзірлейміз», - деді А.Ғиният.

Сөз соңында ол өзінің де ағза доноры болуға келіскенін және тілек білдіргенін айтты.

Сізге қызықты болады