Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Майқайыңда құлаған автобустағы адамдар тірі болуы мүмкін бе – ТЖМ жауап берді

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Автобуста екі адамның болғаны туралы айтылды

Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Майқайыңда құлаған автобусты іздестіру жалғасып жатқанын, бірақ жағдай күрделі әрі қауіпті екенін айтты.

«Бұл мәселе өте күрделі әрі қиын. Себебі мамандар жердің түсірілімін жасағанда автобустың тұрған жерін болжады. Құрылғы ол жерде металл бар екенін көрсетті. Оған қоса, бос кеңістік бар екені анықталды. Сондықтан біздің құтқарушылар мен өзге органдардан шақырылған мамандар өте күрделі жағдайда жұмыс істеп жатыр. Себебі күн суық. Ол құтқарушылардың өміріне де қауіпті. Өйткені топырақ жылжыса, ол жердегі жұмыс істеп жатқан техника төмен түсіп кетуі мүмкін. Барлық қауіпсіздік шаралары оқиға орнында сақталып жатыр. Автобус жатқан жердің шетіне жақындады. 2 мың текше метр топырақ шығарылды. Енді эскалатор жұмыс істеп, ақырын топырақты шығарып жатыр», - деді ол.

Сыздықов атағандай, адамдардың тірі қалуы жайлы болжамдар бар. 

«Оң болжам бар. Бірақ әзірге нақты күн мен уақытты атай алмаймыз. Жағдай күрделі, операция бірегей. Өте мұқиыт жұмыс істеуді қажет етеді, - деді Сыздықов.

Естеріңізге сала кетейік, жұмысы тоқтатылған «Майқайың-алтын» шахтасының маңында бірнеше күн бұрын автобус жер астына құлап кеткен болатын.

Теги:
Сізге қызықты болады