Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Түркістанда жалдамалы пәтерден екі жас баланың мәйіті табылды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Балалардың анасы іздестіріліп жатыр

Түркістан қаласында жалдамалы пәтерлердің бірінен екі жас баланың өлі денесі табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов мәлімдеді. 

«7 ақпанда Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас баланың денесі табылды. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жолданды.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекен-жайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде істің тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды», - деді М.Қабденов. 

Ол тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұрап, жалған ақпарат таратқанға жауапкершілік қарастырылғанын ескертті және азаматтарды тек ресми дереккөздерден алынған мәліметтерге сенуге шақырды.

Otyrar.kz порталының жазуынша, аса ауыр қылмысқа балалардың анасы басты күдікті ретінде қарастырылып жатыр. Ол Қызылордадағы мектеп-лицейлердің бірінде тәрбиеші болып жұмыс істеген.

Сізге қызықты болады