Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алматыда лай астында қалған үйден 4 адамның денесі шығарлды

Азамат Ахметов
ҚР ТЖМ

Олардың екеуі 16 жастағы егіз балалар

Алматының Медеу ауданы Тау-Самал шағынауданында болған лай көшкіні салдарынан төрт адам қайтыс болды. Олардың бәрі бір отбасының мүшелері. Бұл туралы жергілікті ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Құтқарушылар лай басып қалған үй астын аршу кезінде 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған егіщ балалардың денесін алып шыққан.

Оқиға 8-ақпанға қараған түнде болған еді. Тау етегінен опырылып бөлінген 3200 текше метр топырақ лайланып, үйлерді басып қалған. Жақын маңда тұратын тұрғындардың бәрі шұғыл қауіпсіз жерге көшірілді.

Сізге қызықты болады