Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұрынғы төрағасы Анар Жайылғанова дүниеден өтті

Азамат Ахметов
Ulysmedia.kz

Ол небәрі 55 жаста болған

Қазақстанның мемлекет қайраткері, Мәжілістің экс-депутаты Анар Жайылғанова өмірден өтті.

«ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұрынғы төрағасы Анар Нұралықызы Жайылғанова 55 жасқа қараған шағында мезгілсіз дүниеден озды.

Агенттік ұжымы марқұмның туғандары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады», - делінген Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің хабарламасында.

Анар Жайылғанова 2018-2019 жылдары Мәжіліс депутаты болды. 2019-2022 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы қызметін атқарды.

Сізге қызықты болады