Екібастұздағы жылу станциясын жаңғыртуға бөлінген 1 млрд теңге ұрланған

Азамат Ахметов

Прокуратура бұл қылмысқа кімдердің қатысы бар екенін анықтап жатыр

Википедия

Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында 3-ші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады. 

«Расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңгені құрады», - делінген прокуратура хабарламасында. 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстың барлық мән-жайын, залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.