Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Мектепке дейінгі бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың маңыздылығы

Азамат Ахметов
Aikyn

Әрбір ұлттың бала тәрбие қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. 

Ұлт тәрбиесі, бала тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен жетелеуге міндетті.
Мағжан Жұмабаев

Мектепке дейінгі кезең – тұлға қалыптасуының алғашқы кезеңі. Сол себепті еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне, ұлтына деген сүйіспеншілігіне аса назар бөлуіміз қажет. Сондықтан да балабақшаларда тәрбие үрдісін ұлттық мәдениет пен қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Қазіргі таңда балаларға жекелеген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырыссақ да, адамгершілік, мәдени құндылықтар арқылы тәрбиелеуге де ерекше мән беруіміз керек.

Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ, өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан-ақ, қоршаған ортаның құпиясын ғылыми тұрғыдан сезініп білмесе де, жапан түзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, қаршадайынан-ақ есіту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізшілде, құралайды көзге атып түсіретін мерген де болған.

Халық тәрбие құралдарының негізгісі болып ұлттық өнер есептеледі. Қазақтың ұлттық өнер құралдары деп бірнеше ғасырдан бері халықпен жасасып, қалытасып келе жатқан бала тәрбиесіне ықпал ететін халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарынан туындаған халық даналығының жиынтығын айтамыз. Олар: халық ауыз әдебиеті; халықтың музыка өнері; халықтың сәндік-қолданбалы өнері; халықтың би өнері; ұлттық ойындар.

Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық мәдениетке ынталандырудың педагогикалық шарттары: 

  • Әр бала өзінің қазақ елі азаматы екенін, қазақ елінде туып-өскенін мақтаныш ете алатындай етіп тәрбиелеу, қазақ мәдениеті мен өркениетінің ешбір елден кем болмағандығына көздерін жеткізу; 
  • Оқыту барысында, апталықтарда, спорттық шараларда, кештерде ұлттық ойындарды, салт-дәстүрлерді, ауыз әдебиетінің әртүрлі жанрларын пайдаланып, балалардың қиялын, ой-өрісін, әдеби сөздік қорын дамыту; 
  • Халықтық педагогика арқылы қазіргі қоғамда болып жатқан келеңсіз оқиғалардан сақтандыру, салауатты өмір салтын насихаттау, дені сау, саналы, қоғам істеріне бей-жай қарамайтын өскелең ұрпақ тәрбиелеу. 

Халықтық мұраларды жинап зерттеуші ғалым Б. Адамбаев: « халық ауыз әдебиеті-халық оқулығы» – деп орынды айтқан. Халық ауыз әдебиеті мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру жүйесінде бірінші және маңызды орынды алады. Халық ауыз әдебиетімен танысу баланың сезімі мен тілін байытады, қоршаған ортамен қарым-қатынасты қалыптастырады және баланың жан-жақты дамуында баға жетпес рөл атқарады.

Қазақ халық ауыз әдебиеті - (ертегілер, санамақтар, жұмбақтар, мақал – мәтелдер, өлеңдер), балаларға арналған өлең-жырлары, халық нақылдары, ұлттық сауықтыру ойындар, қолөнер және тағы сол секілді мұраларымыз мектепке дейінгі балалардың қабылдау, қиял, зейін, есте сақтау, психикалық дамуына оң әсерін етеді. Қарым-қатынас, тіл дамыту және олардың танымдық белсенділігін арттырады. Себебі қазақтың халық өнерінің бай табиғаты, балалардың заттар мен құбылыстарының болуы, адамдар арасындағы қарым-қатынас, отбасы, табиғат, күнделікті өмір және т.б. Бұл оларға өз білімдерін сөйлеу, өзара қарым-қатынас жасау, ойнау, билеу, сезіну, және әрекет жасау арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді дамытып, олардың өнегелі де өнерлі болып өсуінде ата-ананың, тәрбиешілердің алар орны ерекше. Балаларымызды тәрбиелеуде ойын әдісінің маңызы зор. Ал ойын әдісін ұлттық ойын элементтерімен сабақтастырған абзал. Бала өміріне жаратылыс біртіндеп енеді. Ең алдымен бала үйде, балабақшада оны не қоршап тұрғанын ұғынады. Балабақшадағы балаларымыз көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде пайдаланатынын байқаймыз. Ойын айналадағы болмысты суреттейді. Ойын барысында бүлшіндеріміз қоршаған ортамен танысып, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, қатарластарымен араласуға үйренеді.

Қазақ халқы өскен ортаның кісінің кісілігінің қалыптасуына әсер ететіндігін тым жақсы білген. Сондықтан қазақта "көргенділік", "көргенсіздік" деген үғымдар қалыптасқан. "Ұлың өссе, ұлы ұлықтылығымен, қызың өссе қызы қылықтылығымен ауылдас бол", деген ғой ақылды бабаларымыз. Мұңдай ортаның ең бастысы, сайып келгенде жас ұрпақтың кісілік қасиеттерін калыптастыруында. Шешуші әсер ететін фактор өз отбасы, ата-әжесі мен өз әке-шешесі, өз ағажеңгесі, ағалары. Қала берді, ауыл-аймақ, ел-жүрт, ондағы қатар жүретін көрегенділікпен көр-генсіздік те бірдей әсер етуі ықтимал. Ұл да, қыз да ең алдымен өздерінен әке-шеше, аға-жеңгелерінен үлкенді сыйлау өзінен кішілерді де кіші деп ілтипатынан қалдырмауға, қонақты сыйлау, тіпті қонақ асы тәртібін, жолын білуі, не білмеуі де осыған байланысты. Жомарттықты да, сараңдықты да және тағы басқа, жағымды, игі қасиеттерді солардан үйренеді және тәлім алады.

Қазақта туыстық қатынастардан сан алуан әдет-ғұрыптарға негізделген тәртіптер бар. Оның бәрін күнделікті өмірде дұрыс пайдаланып, іске асырып отыру әркімнің, үлкеннің де, кішінің де, әйел-еркектің де міндеті. Ол міндеттерді, әрине, әркім өзінше түсініп, өзінше іске асырады. Сондай-ақ дүниеге келген баланың бала болып өмір сүріп кете салуы оңай дүние емес. Үлкен күтім, жылы алақан, қамқор, әке, ата-әже, ана еңбектері керек. Сондықган әрбір отбасының мүшелерінің қарттарын қадірлеп сый құрмет көрсетілуі – ол нағыз адам баласына тән адамгершілік қасиет деп түсіндіреді. 

Қорыта айтқанда, баланың бойында түрлі жағымды қасиеттер қалыптасуына, оның дені сау парасатты және қоғам талабына сай болып өмір сүруіне  ұлттық құндылықтардың  орны ерекше. Мектепке дейінгі балалардың бойында адамгершілік, мейірімділік қасиеттерді қалыптастыруда ұлттық мәдениетініміздің маңызы ерекше. Күнделікті ұйымдастырылған іс-әрекеттебалаларға ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетімен, ұлттық ойындарымен белсенділігін арттыру арқылы жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелейміз. Отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру да маңызды. Көк туымызды жықпай, ұлан-байтақ жерімізді қорғайтын отансүйгіш азаматты тәрбиелеу біздің мақсатымыз. Сондықтан да бала тәрбиесі отбасынан бастау алып, мектепке дейінгі мекемеде жалғасын тауып, ұлттық құндылықтарды қалыптастыру арқылы елін сүйетін, мықты тұлға тәрбиелейміз.

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ, 
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы 
кафедрасының аға оқытушысы Ж.Б. Балажанова,
ф.ғ.к., аға оқытушы Г.Танабаева

Сізге қызықты болады