Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Бишімбаевтың алдын ала сот тыңдалымы 11 наурызда өтеді

Азамат Ахметов
Фотоколлаж: Kursiv.kz

Оған екі бап бойынша кінә тағылып отыр

Сот экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау күнін белгіледі. Процесс 11 наурызда басталады.

«Сот кабинетінің» деректеріне сәйкес, алдын ала тыңдау дүйсенбі, яғни 11 наурызда өтеді.

Істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Құлбаева қарайды.

Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді. Оған екі бап бойынша айып тағылып отыр.

Олар:

  • ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы – «Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру»;
  • ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы – «Кінәліге материалдық жағынан тәуелді адамға жасалған жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы дене және психикалық зардап келтіру».

Еске салсақ, экс-министрге 2023 жылдың қарашасында өз әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деп айыпталды. 

Дүйім елді дүрліктірген аса ауыр қылмыс бойынша басты күдікті – бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

Сізге қызықты болады