Алматыда подполковник педофилиямен айналысты деген күдікке ілінді

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Алматыда жасөспірімге азғындық әрекет жасамақ болған шекара бөлімінің лауазымды қызметкері ұсталды. Ұсталған подполковник жайлы Алматы полициясы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлады Qonaev.info.

Хабарламада Алматы қаласы Жетісу ауданының ПБ №28-74 шекара бөлімінің подполковнигі Нұрқадам Керімқұловтың педофилияға қатысы бар деген күдікпен ұсталғаны айтылған. 

«Бұл дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Объективті мән-жайлар анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы полиция департаменті өкілдері.

Еске салайық, жуырда ғана Мәжілісте қабылданған заңға сәйкес педофильдерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.