Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 35 жастағы ер адамның денесі он айдан кейін септиктен табылды.
LIDER.KZ Еріктілер тобының Instagram парақшасында жазылғандай, 1989 жылы туған Эдуард Куколев 2023 жылы 20 маусымда із-түзсіз жоғалып кеткен. Ол соңғы рет Қарасай ауданы, Жамбыл ауылы, Жамбыл көшесі, 5а мекенжайында орналасқан мүгедектерді қолдау ұйымындағы жұмыс орнынан шығып кеткеннен қайта оралмаған.
Марқұмның анасының айтуынша, Эдуард жұмыстан шыққан соң үйге келіп, әжесінің туған күнін тойлауды қатты күткен екен.
2024 жылы наурыз күні Эдуардтың денесі тазарту жұмыстары кезінде тереңдігі бес метрлік септиктен табылды. Қазір өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.