Алматыда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Ұлттық тұтынушылар лигасы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Светлана Романовскаяның қатысуымен брифинг өтті. 2022 және 2023 жылдар аралығында бірлестікке 4000-нан астам азаматтың жүгінгені белгілі болды, деп хабарлайды Qonaev.info.
Көп жағдайда азаматтар сауда, денсаулық сақтау, тамақтану, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, байланыс салаларындағы қызметтердің сапасына қанағаттанбайды.
«Тұтынушылар лигасының негізгі мақсаты – саналы таңдау жасайтын адамның белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру», - деп атап өтті Светлана Романовская.
Ол азаматтардың шағымдануының негізгі себептері ретінде сапасыз тауарлардың сатылуы, тауарлардағы баға белгілерінің болмауы және дұрыс еместігі, интернет-дүкендерден ақшаны уақтылы қайтарылмауы екенін атап өтті.
Тұтынушылардың шағымдары келесі салаларға бағытталған:
Светлана Романовская халықтың өмір сүру сапасын жақсартатын қолданыстағы ұлттық стандарттарды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.