Алматы облысында жоғалып кеткен 3 жасар қыз 10 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Qonaev.info.
«Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторлары, кинологтар, жергілікті полиция және жедел блок қызметкерлерінен құрылған арнайы іздеу тобы құрылды. Қазір үйретілген иттермен ауқымды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.
Еске салсақ, 17 наурыз сағат 21:30-да Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 40 жастағы Күш ауылының тұрғыны сол күні сағат 4 шамасында үйден шығып кеткен үш жасар қызының оралмағанын айтып жүгінген.