Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Zhas Project: жұмыссыз жүрген жастарға 1 миллион теңгеден шағын грант беріледі

Азамат Ахметов
Фото: exclusive.kz

Жұмыссыз жүрген жастарға 1 миллион теңгеден шағын грант беріледі, деп хабарлайды Qonaev.info.

Елімізде Zhas Project жобасына қатысуға өтінімдер қабылданып жатыр.

Жобаға NEET санатындағы 18-34 жас аралығындағы жастар қатыса алады. «Zhas Project» қатысушылары өз аймағындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған тиімді бастамаларды жүзеге асырып, көшбасшылық қабілетін де дамыта алады. Жобалар жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс. Жобаны қатысушылар 4 айдан аспайтын мерзімде іске асыруы тиіс.

Өтініштер 24 сәуір сағат 23.59-ға дейін қабылданады. Әр өңір бойынша жобаны басқаратын және өтініш қабылдайтын ҮЕҰ-мен байланыс мәліметтері cisc.kz сайтында, Zhas Project бөлімшесінде көрсетілген.

Сізге қызықты болады