Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Жоғарғы сот Бишімбаевтың сотына қатысты мәлімдеме жасады

Азамат Ахметов
Фото: Жанар Каримова

Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті, деп хабарлайды Qonaev.info.

Жоғарғы Соттың байланыс бөлімі басшысы Перизат Сәдуақастың хабарлауынша, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер алқасына кандидаттарды іріктейтін жабық отырыс басталған. Алқабилер алқасына 12 адам таңдалыпты: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы.

«Өздеріңізге мәлім, Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот талқылауына қоғамның қызығушылығының артқанын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарынан ашық онлайн-трансляция ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Осылайша, онлайн-трансляция арқылы кез келген адам, соның ішінде БАҚ өкілдері бұл сот процесінің барысын бақылай алады.

Бұл шешім сот талқылауының ашық әрі жариялы болғанын және жалғасатынын білдіреді. Естеріңізге сала кетейін, істің алдын ала тыңдауы да ашықтық қағидаты сақтала отырып өтті. Процеске қатысушылардың және қатысуға ниет білдірушілердің көптігін ескере отырып, отырыстан онлайн-трансляция жүргізілетін қосымша екі зал ұйымдастырылды», - деп жазды Жоғарғы Сот өкілі әлеуметтік желі парақшасында.

Ашық режимде өтетін келесі сот отырысы 2024 жылдың 27 наурызында сағат 16:00-ге белгіленді.

Сізге қызықты болады