Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты басталды

Азамат Ахметов
Фотоколлаж: Qonaev.info

Астанада азаматтық некедегі жұбайы Салтанат Нүкенованы қатігездікпен ұрып өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сот процесі басталды, деп хабарлайды Qonaev.info.

Бұған дейін сот Бишімбаетың ісін қарайтын 12 алқабиді таңдады. Оның 10-ы негізгі және 2-еуі қосалқы алқаби

Күдікті Қ.Бишімбаевқа тағылған айып:

ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы, адам өлтіру, басқа адамға қатысты құқыққа қарсы қасақана аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру, ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігінің;

1) тармағы бойынша кiнәлi адамға материалдық жағынан тәуелдi адамға қатысты жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылған.

Күдікті Бақытжан Байжановқа тағылған айып:

ҚК-нің 432-бабы, аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу және ҚК-нің 434-бабы, белгілі аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша айып тағылған.

Еске салсақ, бүгін Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау өтіп жатыр.

2023 жылдың қарашасында экс-министрге өз әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген айып тағылды. Оған ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі (Азаптау) және 99-баптың 2-бөлігі (Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру) бойынша айып тағылған. Егер қылмысы дәлелденсе экс-министр 20 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Сізге қызықты болады