Бүгін таңертең Абай облысында 1965 жылы туған ер адам мен оның 2013 жылы туған немересін құтқару операциясы сәтті өтті, деп хабарлайды Qonaev.info.
ҚР ТМЖ мәліметінше, олар елді мекеннен 25 км қашықтықта іздеу-құтқару жұмыстары барысында табылған. Тікұшақ ауаға көтерілді. Жоғалған адамдарға медициналық көмек қажет болмапты.