Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Бишімбаевтың адвокаттары жасатқан сараптама істен алынып тасталды

Азамат Ахметов
видеодан скриншот

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Бүгін судья Айжан Құлбаева Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары жасатқан сот медициналық сараптаманы сот қаулысымен істен алып тастады. 

Судьяның айтуынша, сараптама жасау жөнінде сотқа уақтылы хабар берілмеген. Сәйкесінше, сараптама заң бұза отырып жасалған.

Еске сала кетейік, 16 сәуір күнгі сотта Бишімбаевтың қорғаушылары өз бастамасымен Мәскеуде жеке сот медициналық сараптама жасатқанын мәлімдеген болатын. 

Прокурор Айжан Аймағанова оны істен алып тастау керек екенін алға тартып, судьяға өтініш жолдады. Прокурордың айтуынша, құзырлы органдар жеке сараптама жасалып жатқанын хабарсыз болған. Сондай-ақ, сараптама жасаған Ресей азаматтарын ешқандай жауапкершілікке тарту мүмкін емес.

Бұл ретте олар жалған сараптама жасауы мүмкін деген күмән бар.

Айта кетейік, ресейлік сарапшылар Салтанат Нүкенованың өлімі 3-4 апта бұрын пайда болған жарақаттан болуы мүмкін деген қорытынды жасаған еді. Бұл қазақстандық сарапшылардың тұжырымдамасына қайшы.

Күдікті Қ.Бишімбаевқа тағылған айып:

ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы, адам өлтіру, басқа адамға қатысты құқыққа қарсы қасақана аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру, ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігінің;

1) тармағы бойынша кiнәлi адамға материалдық жағынан тәуелдi адамға қатысты жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылған.

Күдікті Бақытжан Байжановқа тағылған айып:

ҚК-нің 432-бабы, аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу және ҚК-нің 434-бабы, белгілі аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша айып тағылған.

2023 жылдың қарашасында экс-министрге өз әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген айып тағылды. Оған ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі (Азаптау) және 99-баптың 2-бөлігі (Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру) бойынша айып тағылған. 

Сізге қызықты болады