Шығыс Қазақстан облысында ата-анасының қарауынсыз қалған үш жасар қыз бала суға батып кетті.
ҚР ТЖМ мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін, 2 маусымда Ұлан өзенінде болған.
"Бүгін Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылындағы Ұлан өзенінде, алдын-ала болжам бойынша ата-анасының қарауынсыз болған 2021 жылы туылған бала суға батып кетті" - , делінген хабарламада.
ТЖМ ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды.