Қазақстанның Ұлттық банкі 1 ақпанға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі.
Бүгін, яғни сәрсенбіде доллар бағамы аздап қымбаттап, 460,51 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 459,92 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 6,53 теңге болды.
Қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 459,5 теңгеден сатып алынып, 463 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 459 теңгеден сатып алынып, 462 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша: