Kaspi банк Kolesa Group акцияларын 88,5 млрд теңгеге (40 млрд теңгеге жуық) сатып алды. Бұл туралы ақпарат банктің қаржылық есебінде көрсетілген.
Осыншама үлкен қаражатқа Kolesa Group-тың тек 39,7% ғана сатылған. Акцияларды сатушы – Baring Vostok Private Equity Fund V компаниясы.
Осылайша, Kaspi bank төрағасы Михаил Ломтадзе Kolesa Group-тың ең ірі акционері болды. Бірақ, ол алдағы уақытта аталған акциялардың 11% Kaspi.kz басқаруына беретінін мәлімдеді.
Айта кетейік, Kolesa Group компаниясы «Колеса», «Крыша», «Маркет» сауда белгілерінің және kolesa.kz, krisha.kz, market.kz, avtoelon.uz сайттарының иесі.