Қостанайлық тұрғындар балаларын жаппай орыс сыныптарына беріп жатыр

Қазақстанда 102 мың кедей отбасы өмір сүреді

Азамат Ахметов
Tengrinews.kz

Былтыр бұл көрсеткіш әлдеқайда көп болған 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте АЕК алатындардың санын айтты.

«Бүгінде біздің елде кедейлік шегінен төмен деңгейдегі отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша АӘК алатын 539 мың адам немесе 102 мың отбасы бар. Егер өткен жылмен салыстырсақ, былтыр АӘК-ні 700 мыңнан астам адам немесе 141 мың отбасы алды. Көріп отырғанымыздай, АӘК алатындар саны азайып келеді. Енді осының ішінде балалардың үлесі 65 пайызды немесе 355 мың баланы құрайды. 1 қаңтардан бастап осы отбасыларда тұратын 1-6 жастағы балаларға қосымша түрде кепілдендірілген төлем беріледі. Әр бала үшін 1,5 АЕК төленеді», - деді ол.

Сағындықова атап өткендей, 2019 жылы 250 мың отбасы көпбалалы ретінде жәрдемақы алса, қазір олардың саны 545 мың отбасыға жетті. 

«Мемлекеттен көмек алып жатқан отбасылар саны артып отыр», - деді ол.

Теги:
Сізге қызықты болады