Денсаулыққа зиянды жерде істейтін қызметкерлерге 55 жастан бастап арнайы төлем жүргізіледі

Азамат Ахметов

Қосымша қаржыдан кімдер үмітті?

Сенаттың жалпы отырысында арнайы заң жобасы жайлы сенатор Әсем Рахметова заң жобасы жайлы айтып берді.

«Бұл қоғамдық бірлестіктерді құруға қажетті адамдардың санын 10 адамнан 3 адамға дейін төмендетуді көздейді.Сонымен қатар, Әлеуметтік және Еңбек кодекстеріне еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдарға арнайы әлеуметтік төлем енгізу бойынша түзетулер енгізілді. Бұл төлем еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін азаматтар 55 жасқа толғанда кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген болса, жұмысынан кеткенде немесе басқа жеңіл қызметке ауысқан кезде алатын болады», - деді ол.

Сенатор төлемдер мыналардан тұратынын айтты:

  • бюджеттен 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы; 
  • жұмыс берушінің қаражаты есебінен 1 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде кәсіби төлем; 
  • сақтандыру ұйымдарынан зейнетақы алдындағы аннуитет шарты бойынша 1 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде сақтандыру төлемі; 
  • бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі.

«Сондай-ақ, бұл азаматтардың 55 және 63 жас аралығында міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын алу уақытын өз бетінше айқындау құқығы айқындалды.Арнайы әлеуметтік төлем зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жүргізіледі.Бұдан басқа, еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру жөніндегі нормалар ұсынылды, оларда мыналар көзделген:- сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақысы сомасының 6 % - на дейін шегінде оңалту шараларына арналған шығыстарды өтеуі;- сақтандыру ұйымдарының зардап шеккен қызметкерді санаторий-курорттық емдеуді 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде өтеуі;- жазатайым оқиға нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу (сақтандыру төлемі) мөлшерін айқындау кезінде қызметкердің кінәсін болдырмау», - деді сенатор.