Қазақстан қор биржасында (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 0,64 теңгеге көтеріліп, 449,30 теңгеге жетті, деп хабарлайды Qonaev.info.
Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы да өсіп, 62,39 теңгені (+0,12) құрады.
Ұлттық банк Еуро бағамын 488,55 теңгеге, рубль – 4,88 теңгеге белгіледі.
Айырбастау пункттерінде долларды 448,9-450,9 теңгеден, еуроны – 489,5-493,5 теңгеден, ресей рублін – 4,79-4,91 теңгеден саудаланып жатыр.