Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Жыл басында қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

Азамат Ахметов
Фото: gov.kz

2022 жылдың басында қызметін асыра пайдаланды деп айыпталған Ғалымжан Ниязов 24 мамыр күні Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне қайтып келді. Бұл ақпаратты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі растады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовтың ұсталғаны туралы ақпарат 24 қаңтарда жарияланған болатын. Қаржы мониторингі агенттігі бұл деректі 4 ақпанда ресми растап, шенеуніктің екі айға қамауға алынғанын хабарлады.

Сұйытылған мұнай-газын жеткізу саласына жауапты болған Ғалымжан Ниязовқа қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген айып тағылған болатын. 17 ақпанда сот тергеушінің бұлтартпау шарасын «үйқамаққа» өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырды. Осы уақыт бойы әкім орынбасары жалақысыз еңбек демалысында болған.

Тергеушілер Ниязовты Энергетика министрлігіне меморандумның күшін жоюды және сұйытылған газды бағаның төменгі және жоғарғы шегін шектемей сатуды сұрап хат жолдады деп айыптады. Бұл шешім қаңтарда жанармай бағасының күрт өсуіне әкеп соққан делінді.

Сізге қызықты болады