Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алматыда жалған кәсіпкерлердің құны 1 млрд теңге болатын мүлкі қайтарылады

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Мемлекеттік активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар аясында жалған кәсіпкерлердің 1 млрд теңгеден аса көлемдегі мүліктері қайтарылады.

Алматы қаласы прокуратурасы шығарылған мемлекеттік активтердің заңдылығын тексеріп жатыр. Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2017 жылы соттың үкімімен жалған кәсіпкерлік пен ақшалай қаржыны қолма-қол айналдырғаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды.

Атап айтқанда, 86 жалған кәсіпкерлік ашып, қылмыскерлер 87 млрд теңгеден аса қаражатты қолма-қол айналдырып, 27,7 млрд теңгеге салық төлеуден жалтартқан.

«Олар қылмыстық жолмен алынған қаражаттарын мүліктерді сатып алу арқылы заңдастырған. Соттың үкімімен қаладағы қымбат ауданда орналасқан 1,3 мың ш/м жуық көлемде тұрғын үй құрылысы бар жалпы көлемі 1,4 га болатын екі жер телімі қайтарылды. Жерлердің біреуінде тікұшақ қонатын алаң  орналасқан. Ол объектінің шамамен нарықтық құны 1 млрд теңгені құраған», - делінген прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар прокурорлар анықтағандай, қылмыскерлер мүліктерін тәркілеуден аман алып қалу үшін жер телімдерін сотталғандардың біреуінің әкесінің атына рәсімдеткен. Кейін сот үкімін орындаудан жалтару үшін жылжымайтын мүлік төрт мәрте үлестес тұлғалардың арасында жер телімінің конфигурациясын өзгерту арқылы жүзеге асырылған.

«Жалған мәмілелерді жасау нәтижесінде мүлік қағаз жүзінде сотталғандардың біреуінің қызына қайтарылған. Бұдан бөлек, мүлікті сақтап қалу үшін жер телімдерінің кезекті иелерінің бірі қасақана жалған некеге отырған. Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратурасы аталған мәмілелерді, жалған неке туралы мәмілені заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінді. Жүргізілген ауқымды сот процестері, сондай-ақ азаматтық істің апелляциялық сатыда қаралу нәтижесі негізінде, қадағалау органының талап арызы толығымен қанағаттандырылды», - делінген хабарламада.

Жоғарыда қабылданған шаралар мемлекет пайдасына бағалы мүліктердің қайтарылуына негіз болады.

Сізге қызықты болады