Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қайрат Боранбаевтың туған інісіне іздеу жарияланды

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың інісі, кәсіпкер Мұрат Боранбаевқа іздеу жариялады.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Боранбаев Мұрат Советайұлы 1970 жылы 1 шілдеде дүниеге келген.

«2022 жылғы 20 шілдедегі іздеу ісі Алматы облысында тіркелген. Бастамашы: ҚМА. Іздестіру жүргізетін орган: Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті (тел. 8 (727) 279-29-56)», - ведомство хабарламасында.

Еске салайық, Қаржылық мониторинг агенттігінің қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың 17 наурызда ұсталғанын хабарлаған болатын. Ведомство квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

8 шілдеде Қайрат Боранбаевтың қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылғаны хабарланды.

Сізге қызықты болады