Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Басыңды унитазға ұрып жарамын»: Қостанайда мектеп директоры сөгіс алды

Азамат Ахметов

Қостанай облысындағы Мичурин мектебінде мектеп директоры оқушыны дәретхана унитазына басын жарамын деп қорқытқан, деп хабарлайды Qonaev.info "ТоболИнфо"-ға сілтеме жасап.

Мичурин атындағы мектеп директоры Айнаш Даданованың оқушыға ұрысып жатқан сөзі диктофонға жазылып қалған. Ал ол әлеуметтік желілерге жарияланып кеткен.

"Мектепте саған не ұнамайды? Мүмкін мені ұнатпайтын шығарсың? Мен ешкіммен қалжыңдасайын деп тұрған жоқпын. Мектепте 36 жылдан бері жұмыс істеймін, сен сияқтылармен не істеу керектігін жақсы білемін. Бұдан былай басыңды дәретханадағы унитазға жарамын, оны ешкім білмей де қалады. Мен сені аяғы шалынып кеткен дей саламын», – деген мектеп директоры.

Бұл жағдайдан кейін ата-аналар жиналысы өтіп, директор әрекетінің орынсыз екенін мойындап, кешірім сұраған. Сәйкесінше, директор тәртіптік жауапкершілікке тартылып, сөгіс алған.

Облыстық Білім басқармасы да оның педагогикалық этиканы бұзағанын мойындап отыр.

"Мектеп директоры кешірім сұрап, тараптар татуласты. Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы Әдеп жөніндегі кеңесі тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады. Директорға сөгіс жарияланды, – деді Қостанай облысының Білім басқармасы.

Айта кету керек, бұл оқиға оқушылардың мектеп мүлкін бүлдірген бірнеше жағдайдан кейін болған.

Қазір бұл жағдайды полиция да назарға алыпты.

Сізге қызықты болады