Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Тоқаев Құран кітабын өртегендерді қатаң сынға алды

Азамат Ахметов

Кеше Данияда «Дат патриоттары» деп аталатын антиисламдық экстремистік тобы жария түрде Құранды өртеп, оның видеосын әлемге таратқан болатын. Осы жайтқа байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, бұл әрекетті қатаң сынға алды.

Мемлекет басшысы бұл жағдайды қазіргі әлемдегі жағдайды шиеленістіруге, халықтар мен мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіруге бағытталған арандатушылық әрекет деп санайды.

«Қазақстан – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізуге бастамашы болған мемлекет. Бұл форум дәстүрлі діндер мен конфессиялардың көрнекті өкілдері арасындағы тиімді әрі табысты диалог алаңына айналды», – делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Президенттің пікірінше, жиілеп кеткен діни вандализм мен аталған елдер азаматтарының жауапсыз әрекеті мемлекеттер мен діндердің бейбіт қатар өмір сүруіне кері әсерін тигізеді. Бұл жалпыға ортақ нормаларға қайшы келетін акциялар ретінде бірауыздан айыпталуға тиіс.

Сізге қызықты болады