Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің Қорғаныс вице-министрімен кездесіп, әскери серіктестік мәселесін талқылады

Азамат Ахметов

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Ресей Қорғаныс министрінің орынбасарымен кездесіп, әскери серіктестік мәселелерін талқылады.

Кездесу 7 тамызда Мәскеуде өткен. ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы мен ресейлік вице-министр Александр Фомин осы ұйым аясында бірлесіп әрекет ету жағдайын сөз еткен. Сондай-ақ, ұйымның нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мәселесі де талқыланды.

Еске салайық, ҰҚШҰ-ға Ресейден бөлек Қазақстан, Қырғызстан, Армения және Беларусь Республикасы мүшелік етеді.