БҚО-да орысша аталатын көшелерді қазақшалау процесі жүріп жатыр

Азамат Ахметов

Батыс Қазақстан облысында Кеңес дәуірінен атауы ауыспай келе жатқан көшелерді қазақшалап жатыр. Оң өзгерістер Бәйтерек ауданынан басталған деп жазады ҚазТАГ.

Мәселен, осы ауданға қарасты Дариян ауылдық округінде 17 көше қазақшаланған. Атап айтқанда: 

Светлая – Жарық

8 Марта – Наурыз

Некрасов – Әбу Насыр әл-фараби

Чапаев – Әлихан Бөкейхан

Озерная – Деркөл

Больничная – Алаш

Приуральная – Қарашығанақ

Садовая – Алмалы

Леонов – Арал

Песочный – М.Мақатаев

Колхозный – Жайық

Дарьинский – Дария

Советский – И.Тайманов

Круглый – Жетісу

Фестивальный – Д.Нұрпейісова

Новоселов – Ақотау

Комсомольский – М.Маметова

Озерный – Деркөл

Сонымен қатар, осы ауданға қарасты Озерное ауылындағы да бірнеше көшеге қазақша атаулар беріледі.