Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қазақстанда орыс тілінің қолдану аясы тарылып барады – РФ бас консулы

Азамат Ахметов

Ресейдің Қазақстандағы бас консулы Евгений Бобров біздің елде орыс тілінің қолдану аясын таралып бара жатқанын айтып «дабыл қақты». Мұндай алаңдаушылығын ол ТАСС агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеген.

Бобровтың айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда орыс мектептері мен орысша оқытатын сыныптар жабыла бастаған. Ал, бастауыш қазақ сыныптарынан «Орыс тілі» пәні мүлдем алынып тасталған. Бас консул бұл жайт қоғамда наразылық тудыруы мүмкін екенін де айтып қалды.

«Бұл жайттың себебі бар, елде орыс ұлты 15,2% азайған. Оған қоса, Оқу ағарту министрлігінің қазақ тілін дамытуға арналған бағдарламасы да жұмыс істеп жатыр», - деді Бобров.

Ол сондай-ақ, Қазақстанда орыс тілі пәнінің мұғалімдері жетіспейтінін де атап өтті.

Сізге қызықты болады