Қырғызстан Украинамен соғысып жатқан Ресейдің әрекетін қолдау керек – Асқар Ақаев

Азамат Ахметов

Қырғызстанның алғашқы президенті Асқар Ақаев Украинаға басып кіріп, соғыс жүргізіп жатқан Ресейдің әрекетін қолдау керек деп санайды. Мұндай пікіріе ол ресейлік RT телеарнасына берген сұхбатында айтты.

«Қырғызстан ЕАЭО және ОДКБ мүшесі ретінде Ресейді қолдауы тиіс. Дәл қазір Ресейге қолдау жетіспей жатыр. Нағыз дос қиындықта қол ұшын созуы керек», - деді Асқар Ақаев.

Ал, Қырғызстанның қазіргі билігі аталған соғыста ешбір тарапты қолдамайды.