Аиалған жиынға Ресей әскерилері де қатысады деп күтілуде
Қазақстанның әскері Беларусьте өтетін оқу-жаттығу жиындарына қатысады. Аталған шара ҰҚШҰ (ОДКБ) ұйымдастыруымен өтеді деп мәлімдеді еліміздің Қор,аныс министрі Руслан Жақсылықов.
Оқу-жаттығу жиыны Украина шекарасына жақын маңда өтуі мүмкін. Дегенмен, біздің ел ол жаққа ешқандай әскери техника алып бармайды.
«Қазіргі таңда ол елге 11 адамнан тұратын топ жіберілді. Олар Украинаға бас сұқпайды», - деп қысқа қайырды Қорғаныс министрі.