ҚР Президентінің баспасөз хатшысы болып Нұрмұхамед Байғараев тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың Telegram-парақшасында жазылған.
«Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды», - деп жазылған аталған хабарламада.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып Айжан Болатқызы Шайназарова тағайындалды.