Президент өз жолдауында Пірматовтың жұмысын сынаған болатын
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қызметінен босатты деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымынан босатылды», - делінген аталған хабарламада.
Аталған лауазымға Тимур Сүлейменовтің кандидатурасы бекітілді. Сенат депутаттары президент ұсынған маманды бір ауыздан мақұлдаған.
Еске салайық, 1 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында Ұлттық банктің жұмысын сынаған болатын.