Мәжіліс спикері Конституциямызға қарсы әрекет етушілер жайлы айтты
Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында теріс діни ағымдағы азаматтарға қатысты пікір білдірді.
«Бүгін Мәжілістің отырысында бір депутатымыз сауал жолдады. «Домбыра - харам» деген әңгіме шықты, көрдіңіздер. Айтып жүрген азаматтарға мен айтар едім: «Біздің ғасырлар бойы қолынан домбыра түсіп көрмеген бабаларымыз сонда күнәһар болғаны ма?». Теріс діни ағымдарда жүрген, заңға қайшы, Конституциямызға қарсы әрекет етіп жүрген азаматтарға тыйым салуымыз керек», - деді ол.
Еске салайық, соңғы бір айдан бері еліміздің мектептерінде хиджаб дауы толастамай тұр. Діндар ата-аналар қыздарының оқу орнына орамалға оранып баруын талап етіп жатыр.