Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Ресей пропагандасын тоқтату қажет»: депутат Мақсат Толықбай жастар санасын улауды тоқтатуға шақырды

Азамат Ахметов

Осындай пропаганда салдарынан ұлтаралық араздықтар жиі болады дейді ол

Қазақстанда көрсетілетін ресейлік телеарналардың көрсетілімін шектеу керек деп есептейді Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай. Оның пікірінше, ел тұрғындары Ресей пропагандасына әбден «тойған».

Сондықтан, сананы улайтын мұндай телеарналардың көрсетіліміне шектеу қойып, жастар көзқарасының өзгеруіне жол бермеу қажет деген пікірін айтты журналист-депутат.

«Қазақстандықтардың көпшілігін Ресей пропагандасы әбден мезі қылды. Біздің өзімізде де бұл пропагандамен айналысып жүрген жерлестеріміз жетеді. Солардең салдарынан кей өңірлерде ұлтараздық оты жиі тұтанып жүр», - деп дабыл қақты Мақсат Толықбай.

Оның сөзінше, кабельді желілердің иелері Ресей телеарналарына көрсетілім үшін қыруар қаражат төлейді екен. Ал, отандық телеарналар керісінше, сол желіде болу үшін өз ақшаларын береді.

Сізге қызықты болады