Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Аптасына 5 рет сабақ аламын»: жаңа министр қазақ тілін үйреніп жүр

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Бұған дейін де министр болған Әсет Иргалиев журналистерге қазақша сөйлеуге уәде берген

Үкіметте өткен баспасөз конференциясында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қазақ тілін аптасына 5 рет оқып жүргенін айтты.

«Қазір қазақ тілін меңгеріп жатырмын. Аптасына 5 рет мұғалімнен сабақ аламын. Мен ешқандай бөтен елдің адамы емеспін. Мен Қазақстанға қайтып келген қандаспын», - деген су жаңа министр қазақ тілін меңгері, алдағы уақытта өз ана тілінде сөйлейтінін мәлімдеді.

Ол сондай-ақ, бір қызметтен екіншісіне командамен көшпеуге де уәде берді.

«Мен «Бәйтерек» холдингіне келгенде бір адамды өзгертпедім. Мен келгенде қалайболды, солар жұмысын жалғастырды. Министрлікте де осылай болады. Мен вице-министрлерді өзгертпеймін. Олар жұмысты біледі, сол адамдармен бірлесіп жұмыс істейміз. Баспасөз хатшысы жаңадан келді. Себебі ИИДМ министрлігі екіге бөлінді, сол кезде бірқатар адам басқа министрлікке кетті. Вакансия ашық болды. Сол себепті баспасөз хатшы шақырылды», - деді Қанат Шарлапаев.  

Еске салсақ, Қанат Шарлапаев Ресейдің Саратов облысында дүниеге келген. Қазақстан азаматтығын да жақында ғана алған.

Сізге қызықты болады