Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Аузымды жапқысы келеді»: ҰҚК-нің экс-қызметкері Қаңтарда Самат Әбіштің бұйрығымен жұмыс істегенін айтты

Азамат Ахметов
Ulysmedia

Самат Әбіш болса жауапкершіліктен толық құтылып кеткен

Қаңтар оқиғасы бойынша сотта куәлік беріп жатқан ҰҚК 5-ші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов сол кездегі Комитеттің бірінші орынбасары – Самат Әбіштің бұйрығымен әрекет еткенін мәлімдеді.

Бұл туралы журналист Данияр Молдабеков өзінің Telegram-каналында жазған.

«Олар Самат Әбіш туралы айтқызбай, менің аузымды жапқысы келеді», - деді ол дүйсенбі күні өткен сот отырысында.

Оның сөзінше, Арман Жұмагелдиевті (Дикий Арман - авт.) ұстап, қамауға алу туралы тапсырма шетелден түскен.

«Мен мұны жақсы білемін және ақыры дәлелдеп шығамын. Тапсырма телефон арқылы түсті. Дәл сол кезде дәлел жазып алатындай бізде мүмкіндік болған жоқ», - деді Ысқақов.

Оның айтуынша, Қаңтар оқиғасынан кейін оның тергеуде берген куәлігін құпия құжаттардың қатарына қосқан. Осылайша Самат Әбіштің ролі туралы айтылған куәлікті жасырып келген дейді ҰҚК-ның бұрынғы қызметкері.

Айта кету дерек, Руслан Ысқақов былтыр 2 қыркүйекте Арман Жұмагелдиевке тапсырма беріп, оны басқарып отырған деген күдікпен ұсталды. Еліміздің Бас прокуроры Берік Асыловтың өзі «Дикий Арман ҰҚК-ның 5-ші департаментінің нұсқауымен әрекет еткен» деген мәлімдеме жасаған болатын.

Ал, Самат Әбіш болса судан ақ, сүттен таза шығып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ. ҰҚК-ның басшысы Кәрім Мәсімовтен бастап, бірнеше орынбасары сотталғанымен, Назарбаевтың інісіне ешқандай айып тағылған жоқ.

Сізге қызықты болады