Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Әлия Назарбаеваны соттау туралы мәселе көтерілмеген – прокуратура

Азамат Ахметов

Назарбаевтың кенже қызы «Оператор» РОП-тың иелерінің бірі болған

ҚР Бас Прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев «ӨКМ операторының» ісі бойынша Әлия Назарбаева туралы тілшілер сұрағына жауап берді.

«Бізге ешқандай өтініш келіп түскен жоқ. Егер қылмыс құрамы болса, қандай да бір ақпарат болса, тиісті органдар қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдауы керек. Бізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бар, Экономикалық тергеу қызметі, Ішкі істер министрлігі сияқты ондай бірнеше орган бар. Егер қандай да бір дәлелдер болса, олар шешім қабылдауы тиіс. Әзірге менде ондай ақпарат жоқ», - деді Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев.

Еске салайық, бұған дейін «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің көшпелі отырысында Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «ӨКМ операторының» түпкі бенефициары Әлия Назарбаева екенін айтқан болатын.

Сізге қызықты болады