Экс-президент қазір қатардағы зейнеткер
Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атында болған тағы бір университеттің атауы өзгереді. Бұл туралы сенатор Бекбол Орынбасаров Сенат отырысынан кейін кулуарда журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.
Журналистермен болған әңгіме барысында депутат Назарбаев атындағы әскери оқу орнын басқаша аталауға ұсыныс жасалғанын айтты.
«Тұңғыш президент және Елбасы туралы заңның өзгеруіне байланысты біз осы мәселені арнайы қарадық. Ол жеке мәселе. Қазақстанның арнаулы мемлекеттік органдары туралы заңның нормасына сәйкес келтіру керек болды. Заңмен Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде оқыту мәселесі регламенттелген. Сенаторлар осы университеттің атауын Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті, Елбасының есімі деген сөздерді Қазақстанның Тұңғыш президенті, Елбасы туралы конституциялық заңның қолданылуын тоқтатылуына байланысты Қазақстан Республикасы деген сөздермен ауыстыруды ұсынды», - деп атап өтті сенатор.